00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жартылай финалына шықты

08.12.2023 | 04:30
34

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Г.Ломакин украиналық Вадим Урсумен бірге ширек финалда сербиялық Борис Бутулия – ресейлік Савелий Ивановпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-украиналық жұп тартысты матчта 6:1, 5:7, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

Г.Ломакин – В.Урсу финалға шығу үшін германиялықтар Тим Руехл – Макс Вискандпен таласады.

Барлық жаңалықтар