00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Париж Паралимпиадаcы: Ел қоржынына 12-ші жолдама түсті

14.05.2024 | 10:29
168
Париж Паралимпиадаcы: Ел қоржынына 12-ші жолдама түсті
Фото: дереккөз

Мажарстанның Сегед қаласында өткен параканоэдан лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева Париж-2024 Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Чемпионаттың В финалында (VL3 клас) өнер көрсеткен қазақстандық спортшы 200 метр қашықтықты 1:05.83 секундта бағындырып, мәреге екінші болып жетті. Осы бәсекеде польшалық Моника Кукла 1:05.45 секунд нәтижесімен бірінші, ал франциялық Елеа Чарвет 1:07.33 нәтижесімен үшінші болып жетті.

Жаңыл ел қоржынына Паралимпиаданың 12-ші лицензиясын салды. Бұған дейін параканоэдан Спатай Бибарыс, парапауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, паратаеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова және Нышан Өмірәлі алған болатын.

Айта кетейік, Париж-2024 Паралимпиадасы тамыздың 28-і мен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Барлық жаңалықтар