00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

III «ELORDA CUP» Халықаралық турнирі басталды

13.05.2024 | 13:10
322
III «ELORDA CUP» Халықаралық турнирі басталды
фото: Elorda.info.

Астанада бокстан дәстүрге айналған «Elorda Cup» халықаралық турнирі кезекті мәрте жалауын желбіретті, деп хабарлады Elorda.info.

Үшінші рет өткізіліп жатқан жарыс әдеттегідей жазда емес, мамыр айында ұйымдастырылып жатыр. Себебі, бұл дода Париж Олимпиадасының лицензия иегерлері өз дайындықтарын пысықтау үшін үлкен тәжірибе болмақ.

«Elorda Cup халықаралық турнирінің  орны бөлек. Өйткені Париж Олимпиадасына санаулы ғана ай қалды. Сондықтан өз шеберліктерін шыңдау үшін, Әлем чемпиондары және Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Қамшыбек Қоңқабаев, Карина Ибрагимова қатыспақ. Біз осы рингте болашақ Олимпиада чемпиондарының айқастарын көріп жатуымыз да мүмкін. Бәріне сәттілік тілеймін және жанкүйерлерге керемет әсер сыйлайды деген сенімдемін» — деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит.

18 мамырға дейін жалғасатын айтулы додада жалпы саны 177 боксшы (110 ер, 67 әйел) 25 салмақта жүлдеге таласатын болады. Ал Астана сапынан 15 боксшы бақ сынайды.

Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Жапония, Үндістан, Иран, Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері де қатысады.

 

                                                                                                                                                                                                                                              Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар