00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Шахматтан БАҚ өкілдері арасындағы чемпионат аяқталды

26.12.2023 | 09:00
114

Командалық шахматтың классикалық шахматтан ерекшелігі – мұнда бір тақтада 4 ойыншыдан бөлінген екі команда ойнайды. Партия үш кезеңге бөлінген 36 жүрістен тұрады. Алғашқы 12 жүрісте ойыншылар бір-бірімен ақылдаспай, кезегімен жүреді. Келесі 12 жүрісте өзара талқыласуға мүмкіндік алады. Егер осы аралықта да жеңімпаз анықталмаса, онда соңғы 12 жүріс болып, ойыншылар бір-бірімен ақылдаспай жүреді. Әр команда құрамында кем дегенде бір әйел журналист болуы керек.

Топтық турнирдің қорытындысы бойынша, плей-офф кезеңіне 4 команда шығып, жартылай финалда «Qazaqstan» телерадио корпорациясы «Қазмедиа» орталығын 19:16 есебімен жеңсе, «Adyrna» ұлттық порталы «Dixinews.kz» сайтынан 21:15 есебімен басым түсті. Осылайша бас жүлдеге «Adyrna» мен «Qazaqstan» ұлттық арнасы таласты. Аса тартысты өткен ойын портал ұжымының жеңісімен аяқталып, 21:17 есебі тіркелді. Ал қола жүлде үшін таласта «Dixinews.kz» командасының жолы болды. Есеп – 19:15.

4d2c2f1a-38bc-4685-8fcc-d532ddfa5b99.jpg

Сондай-ақ, маусымның үздіктері де марапатталды:

Үздік капитан – Марат Закария («Qazaqstan»);

Әйелдер арасындағы үздік – Лашын Жанарбек («Dixinews.kz»);

Ерлер арасындағы үздік – Жанболат Төрешов (Қазмедиа);

Құрмет номинациясы – Асқар Беков (Adyrna).

БАҚ лига аясындағы футбол, волейбол чемпионаттарын білетінмін. Бұлардың қатарына шахмат та қосылды. Бұл дегеніміз, журналистер барынша жан-жақты және салауатты өмір салтын қолдап жүреді деген сөз. Өзім де БАҚ лиганың футбол турнирлеріне қатысқанмын. Атмосферасын сезініп көргенмін. БАҚ өкілдерінің арасында достық көпірін орнатып жүргеніне көз жеткізгенмін, - деді чемпионаттың марапаттау рәсіміне қатысқан Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан. 

БАҚ лиганың басқа бәсекелерден айырмашылығы – мұнда тек БАҚ өкілдері қатыса алады. Алғаш 2016 жылдың желтоқсанында басталған жобаға бүгінге дейін 70-тен астам БАҚ редакцияларынан мыңға жуық БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетейік, бүгінде BAQ liga Қазақстан Масс-медиасы арасында футбол және волейбол додаларын өткізіп келеді. Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан 13 маусым, волейболдан 5 чемпионат өтті. Бұдан бөлек, БАҚ өкілдері арасында үстел теннисінен де толыққанды біріншілік ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Барлық жаңалықтар