Азия чемпионаты: Жартылай финалға 13 боксшы шықты
![Азия чемпионаты: Жартылай финалға 13 боксшы шықты](/img/articles/dea28d2b0d4556f925880fc68327b967.jpg)
Бокстан Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында отандық құраманың барлық мүшелері жартылай финалға өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Бокстан елорда төрінде алғаш ұйымдастырылып жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өз мәресіне жетті. Жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер құрамасы толық құрамда 1/2 финалға жолдама алды.
Жартылай финалға шыққан мемлекеттер:
Қазақстан – 13;
Өзбекстан – 10;
Үндістан – 10;
Қырғызстан – 3;
Тәжікстан – 3;
Моңғолия – 3;
Филиппин – 3;
Иран – 3;
Таиланд – 1;
Қытай – 1;
Ауғанстан – 1;
Иордания – 1.
Қазақстан құрамасының физикалық жаттығуына жауапты Донатас Янушевичюс құраманың аяқ алысы туралы өз ойымен бөлісті.
Жартылай финалға шықсақ та, әлі толық қорытынды жасауға ерте. Бастысы, боксшыларымыздың барлығы жарақаттан аман.
Жалпы көптеген спортшылардың таланты бар. Болашақта әлем, Азия чемпионы атануға толыққанды лайық.
Бұған дейін АҚШ-та кәсіпқой бокс саласында жүрдім. Сол жақта Марат Жакиевпен танысып, артынша Қазақстанға шақырту алдым. Алғаш келгенде жігіттердің тәртіпке басты мән беретіндігі ерекше көзге түсті. Еңбек, спорттық мінез, жаттығуға деген жауапкершілік қазақ боксшыларының бойында бар. Жаттығудан тыс, ұйқы мен тамаққа да тыңғылықты көңіл аударады.
2023 жылға дейін кәсіпқой бокстағы 1-2 жекелеген спортшыларға ғана жаттықтырушы болып келдім. Қазақстанға келгенде бірден ұлттық құрамаға жауапты болдым. Артынша кәсіпқой бокстағы жаттығу үрдісін осы әуесқойға да кіргіздім. «Ақбұлақ», «Алматау» олимпиадалық дайындық орталықтар барлық талаптарға сай. Бұл да өз кезегінде алаңсыз, нәтижелі жаттығуға өз әсерін тигізеді.
Дегенмен әлі де көптеген жоспарлар бар. Жылдамдық, шыдамдылық, аяқта қимылдау, күш-қуат т.б. одан әрі арттыруды қалаймын,- деді жаттықтырушы.
Бүгін жастар санатындағы боксшылар жартылай финалдық айқастарын өткізеді.
Айта кетейік, жарыс 7 мамырға дейін жалғасады.
![](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![](/img/articles/7c257111c73f2282c906244848b62663.jpeg)
![Париж Олимпиадасында 11 жасар спортшы бақ сынайды](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше форматта өтеді](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде шабандоздар 500 шақырымға жарысады](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Арқан тартыстағы спортшыларымыздың дайындығы қалай](/img/articles/7c257111c73f2282c906244848b62663.jpeg)
![Олимпиадаға велосипедпен шыққан Рәббім Борашев Парижге жетті](/img/articles/97c7c5dd99ce526d6a5c88e84f57907c.jpg)
![Елордада велоспорттан жасөспірімдер арасындағы үздіктер анықталады](/img/articles/2324041ac5a87814f059989128bc6906.jpg)
![Спортшы Әмір Маймұратов: Менің ең басты қарсыласым – өзім](/img/articles/75a494f2c68561a354e4dc91be496e50.jpg)
![Париж Олимпиадасы: Теннистен қосымша бір жолдама бұйырды](/img/articles/b2f15a5fc53ddb1ae1d217213926e910.jpg)
![Ольга Сафронова әлеуметтік желіде 3 Олимпиадада киген формаларын көрсетті](/img/articles/5e234b3a45361719492875498bd480f4.jpg)
![Париж-2024: Қазақстандық спортшылардың алғашқы жарыс күніндегі кестесі белгілі болды](/img/articles/249eb229449a740d66ddab35a3bd2032.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)