Жеңіл атлетика эстафетасы: Астана қаласының үздіктері белгілі болды
![Жеңіл атлетика эстафетасы: Астана қаласының үздіктері белгілі болды](/img/articles/8d24f9f932e6cb0da12e3f854d6d5a8f.jpg)
Бүгін жеңіл атлетикадан Жеңіс күніне орай студенттер мен мектеп оқушылары арасында дәстүрлі эстафета сайысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Астананың керемет жерлерінің бірі – «Триатлон» саябағында жеңіл атлетикадан ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында кезекті эстафета жеңімпаздары анықталды.
Іс-шараның салтанатты ашылуын Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов ашты.
Жарыс барысында 10 адамнан тұратын әр команда 10 кезең бойынша 2 250 метрді қашықтықты жүгіріп өтті.
Тәуелсіздік алғалы бері ұйымдастырылып келе жатқан жүгіру эстафетасы биыл екінші мәрте «Триатлон» саябағында өтіп жатыр. Бұған дейінгі жылдары шарамыз қала ішіндегі Жеңіс даңғылында бастауын алатын еді. Бірақ соңғы жылдары жыл сайын елордамызға 50-60 мың адамның көшіп келуіне байланысты көлік ағыны көбейді. Сондықтан өзгелерге кедергі жасамау үшін осындай қадамға бардық, - деді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.
Эстафетада 4 ЖОО, 7 колледж, 15 мектеп бақ сынады.
Турнирдің қорытындысы:
Мектеп
1-орын №32 гимназия мектебі;
2-орын №22 гимназия мектебі;
3-орын Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп лицейі.
Колледж
1-орын Педагогикалық колледж;
2-орын Астана политехникалық колледжі;
3-орын Менеджмент және бизнес колледжі.
Университет
1-орын Астана халықаралық университеті;
2-орын Ауыл шаруашылық университеті;
3-орын Медицина университеті.
3-ші жыл қатарынан дәл осы сайысқа қатысып келе жатырмын. Өткен 2 жылда жүзден үздік шығып, чемпион атанған болатынбыз. Университетімізде дәл осы турнирге арнайы түрде дайындық жүргіземіз. Бұл жерде жылдамдықпен қатар, таяқты дұрыс беру де үлкен рөл ойнайды. Сондықтан осы факторға назар аударғанның арқасында жеңіске жетіп келе жатырмыз, - деп Астана халықаралық университетінің физика мамандығы бойынша 3-курс студенті Әділхан өз пікірін білдірді.
Іс-шара соңында жеңімпаздар арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.
![](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![](/img/articles/7c257111c73f2282c906244848b62663.jpeg)
![Париж Олимпиадасында 11 жасар спортшы бақ сынайды](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше форматта өтеді](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде шабандоздар 500 шақырымға жарысады](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Арқан тартыстағы спортшыларымыздың дайындығы қалай](/img/articles/7c257111c73f2282c906244848b62663.jpeg)
![Олимпиадаға велосипедпен шыққан Рәббім Борашев Парижге жетті](/img/articles/97c7c5dd99ce526d6a5c88e84f57907c.jpg)
![Елордада велоспорттан жасөспірімдер арасындағы үздіктер анықталады](/img/articles/2324041ac5a87814f059989128bc6906.jpg)
![Спортшы Әмір Маймұратов: Менің ең басты қарсыласым – өзім](/img/articles/75a494f2c68561a354e4dc91be496e50.jpg)
![Париж Олимпиадасы: Теннистен қосымша бір жолдама бұйырды](/img/articles/b2f15a5fc53ddb1ae1d217213926e910.jpg)
![Ольга Сафронова әлеуметтік желіде 3 Олимпиадада киген формаларын көрсетті](/img/articles/5e234b3a45361719492875498bd480f4.jpg)
![Париж-2024: Қазақстандық спортшылардың алғашқы жарыс күніндегі кестесі белгілі болды](/img/articles/249eb229449a740d66ddab35a3bd2032.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)