Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды
![](/img/watch-gray.png)
![Астаналық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды](/img/articles/f871410ebe8a4d33fe5e40e16a594cd9.jpeg)
Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтті. Астаналық Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.
Астанадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Ең жоғары рейтингтік ұпайы (1 868) бар шахматшы соңғы турды сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады. Сөйтіп, күміс жүлдегерден 1,5 ұпайға ұзап кетті. Айару қазіргі кезде гроссмейстер Антон Филипповпен бірге жаттығады, - деді Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
Оқушылар арасында классикалық шахматтан 2024 жылы әлем чемпионаты (бір партияға 90 минут және қосымша әр жүріс үшін 30 секунд беріледі) швейцариялық жүйе (9 тур) бойынша 7-ден 17 жасқа дейінгілер арасында бозбалалар (Open) жене қыздар (Girls) арасында бөлек өткізілді.
Біріншіліктің ашылу рәсімі 1 мамырда Regional Sports Village of Callao ғимаратында болып, оған Перу спорт институтының (IPD) директоры Гидо Флорес жане Перу Білім министрі Морган Керо қатысты. Чемпионатқа Перу, Қазақстан, Эквадор, Боливия, Мексика, Колумбия жане Моңғолияны қосқанда 26 елден 1 174 жас шахматшы қатысты.
Айта кетейік, Айару Алтынбек 6-сыныптың үздік оқушысы.
![](/img/articles/3f7c51682f7a67adc633de58e82a8675.jpg)
![](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![Париж Олимпиадасында неше отандасымыз туған күнін атап өтеді](/img/articles/3f7c51682f7a67adc633de58e82a8675.jpg)
![Париж Олимпиадасында 11 жасар спортшы бақ сынайды](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше форматта өтеді](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде шабандоздар 500 шақырымға жарысады](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Арқан тартыстағы спортшыларымыздың дайындығы қалай](/img/articles/7c257111c73f2282c906244848b62663.jpeg)
![Олимпиадаға велосипедпен шыққан Рәббім Борашев Парижге жетті](/img/articles/97c7c5dd99ce526d6a5c88e84f57907c.jpg)
![Елордада велоспорттан жасөспірімдер арасындағы үздіктер анықталады](/img/articles/2324041ac5a87814f059989128bc6906.jpg)
![Спортшы Әмір Маймұратов: Менің ең басты қарсыласым – өзім](/img/articles/75a494f2c68561a354e4dc91be496e50.jpg)
![Париж Олимпиадасы: Теннистен қосымша бір жолдама бұйырды](/img/articles/b2f15a5fc53ddb1ae1d217213926e910.jpg)
![Ольга Сафронова әлеуметтік желіде 3 Олимпиадада киген формаларын көрсетті](/img/articles/5e234b3a45361719492875498bd480f4.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)