00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды

02.02.2024 | 05:42
130
Фото: «Адана Демирспор» парақшасынан

Қазақстан ұлттық құрамасының сұрмергені Абат Айымбетовтің Түркия Суперлигасындағы «Адана Демирспор» клубына ауысқаны белгілі болды. 

Футболшымыз «Адана Демирспор» командасымен 1,5+1 нұсқасы бойынша келісімшарт жасасты.

Клуб туралы ақпараттар: 

- «Адана Демирспор» – 23 турдан соң 31 ұпаймен 8-орында тұр. Бір айдан астам уақыт жеңіс дәмін сезе алмай келеді. 

- Құны: 31,95 млн еуро (Түркиядағы 6-шы клуб) 

- Былтырғы маусымда алғаш рет 4-орынға ие болып, Еурокубокта ойнауға жолдама алған. 

Конференция лигасы

2-раунд. «ЧФР Клуж» (Румыния) 2:1, 1:1

3-раунд. «Осиек» (Хорватия) 5:1, 2:3

Плей-офф. «Генк» (Бельгия) 1:0, 1:2 (пен, 4:5)

- 26 жылдық үзілістен кейін ғана «Адана Демирспор» клубы Суперлигаға (2021 жыл) шықты. 

- 2021 жылы құны 23 млн доллар тұратын жаңадан салынған «Адана stadium» аренасында ойнайды. Сыйымдылығы: 33 000 адам. 

- Биылғы маусымды атақты Патрик Клюйверттің баптауымен бастағанымен, нашар көрсеткіштен соң, оның орнын желтоқсанда Хикмет Караман ауыстырды. 

Қандай танымал футболшылар ойнайды? 

Юсуф Сари – 6,5 млн еуро;

Андрю Гравиллион – 4,5 млн еуро;

Марио Балотелли (1 млн еуро); 

Нани (300 мың еуро).

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар