00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астанада Run for Autism қайырымдылық марафоны өтеді

13.05.2024 | 10:41
222
Астанада Run for Autism қайырымдылық марафоны өтеді
фото: runforautism.kz

18 мамырда елордадағы Триатлон паркінде «Run for Autism» қайырымдылық марафоны өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық ауқымдағы марафон 1 км, 2.5 км, 5 км, 10 км қашықтықтарда ұйымдастырылады. Оған денсаулық жағдайы бойынша жоғарыда аталған қашықтықтарды еңсере алатын 12 жастан асқан Астананың кез келген тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

Жарыс 18 мамыр күні сағат 08:00-ден 11:30-ға дейін өтеді.

Жарыстың мақсаты – елдегі аутизм мәселесіне жұрт назарын аудару және елордада бұқаралық спорттың дамуына атсалысу.Қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Жарысқа қатысушылардың лимиті – 2 000 адам. Басқа қатысушы үшін бастапқы пакетті негізгі қатысушы атына берілген сенімхаттың көшірмесі мен жеке куәлігін еркін нысанда ұсыну арқылы ғана алуға болады. Барлық түскен қаражат инклюзивті білім беруді дамытуға, аутизмі бар балаларды қолдауға, «Әрбір бала мектепке лайық» жобасына бағытталады, - делінген хабарламада.

Жоба туралы толық ақпарат www.bolashakcharity.kz сайтында жарияланған.

Барлық жаңалықтар