00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

«3 миллион доллар қарыз»: Головкин танымал промоутерлік компанияны сотқа берді

25.02.2023 | 03:01
Елорда ақпарат
48

Stan.kz-тің жазуынша, арыз 2018 жылғы қыркүйекте Головкиннің Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жегін өткізуіне байланысты қарыздарды өндіріп алуды көздейді.

Golden Boy және Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы бокс кешін бірге өткізді. Fight Freaks Unite хабарлауынша, қазақстандық боксшы Golden Boy-ды келісімшартты бұзды деп айыптап, кем дегенде 3 миллион доллар қарыз талап етіп отыр.

Сот ісі Калифорния Жоғарғы сотына Лос-Анджелес округінің орталық бөлігінде берілді.

Айта кетейік, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясын негізін алты салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Оскар Де Ла Хойя қалаған еді.

Барлық жаңалықтар