00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

СІМ Қазақстан азаматшасының Германияда жоғалып кетуіне қатысты пікір білдірді

СІМ
фото: СІМ

Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваның Германияда жоғалып кетуіне қатысты Сырты істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info.

2024 жылғы 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы ҚР Бас консулдығына ҚР азаматтары 2024 жылғы 3 маусымда қызы жоғалып кетуі туралы арыз келіп түсті. Бас консулдық осы істі өтініш келіп түскен сәттен бастап ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап, біздің дипломаттар жергілікті полициясына жүгінді, өз кезегінде олар жедел-іздестіру іс-шаралары бастады. Елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді және біздің оған тікелей араласуға құқығымыз жоқ,- деп жазылған хабарламада.

Бас консулдық азаматшамыздың туыстарымен тұрақты байланыста және оларға барлық қажетті қолдауды көрсетуде.

Министрлік мәліметінше, жоғалып кеткен судья мен оның күйеуі Бас консулдықтың консулдық есебінде тіркелмеген және Бас консулдыққа консулдық-құқықтық сұрақтар жөнінде бұдан бұрын жүгінбеген.

Барлық жаңалықтар