00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Астанада жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті

Астанада жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті

12 маусымда Астанада Есіл өзеніне 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Бозбалалар өзеннің бір бетінен келесі бетіне жүзіп өтуге бәстескен. Алайда оқиға соңы, өкінішке қарай, жасөспірімнің суға батуымен аяқталып отыр, - делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратында.

Елордалық құтқарушылар сағат 19:02-де жеткіншектің денесін судан алып шыққан.

Осы орайда, қалалық ТЖД тұрғындарға суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін тағы бір ескертеді.

Барлық жаңалықтар