00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Каспий теңізінде жоғалып кеткен екі жігіт табылды

Каспий теңізі
фото: ТЖМ

Құтқарушылар Каспий теңізіде екі адамды аман алып қалды, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Маңғыстау облысында түнде 1998 және 1996 жылы туылған екі жергілікті тұрғын sup boardпен сырғанауға теңізге барған. Алайда ағын жастарды теңізге алып кеткен.

Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа жуық созылды. Жұмысқа құтқарушылардан басқа, әскери теңізшілер де тартылды, олар таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалған адамдарды тапты.Адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді,- деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар