00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Велосипед ұрлаған елордалық азамат камераға түсіп қалды

Велосипед ұрлығы
фото: polisia.kz

Астанада велосипед ұрлаған күдікті камераға түсіп қалды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері велосипед ұрлаумен айналысқан 18 жастағы жасөспірімді анықтады. Бұған дейін полицияға қала тұрғыны арызданып, оның үйіне кіре берісінен белгісіз біреу құны 100 мың теңге тұратын Kronus велосипедін ұрлап кеткенін айтқан.

Күдікті түнгі уақытта Б.Момышұлы даңғылындағы үйдің кіреберісінде оңтайлы сәтті пайдаланып, көлік бекітілген кабельді кесіп иеленгені анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның бұрын елордада осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
 

Барлық жаңалықтар