00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Елордада абаттандыру ережелерін бұзған 5 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды

Полиция
фото: polisia.kz

Астанада абаттандыру ережелерін бұзған 5 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында Астана қаласы Полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Сонымен қатар, көше-жол желісіне, құрылыс нысандарына зерттеу жүргізу бойынша мобильді топтар құрылды. 

Акция басталғаннан бері қоқысты заңсыз шығару, жалпы пайдалану орындарының ластануы және абаттандыру қағидаларын өзге де бұзу фактілері бойынша 5 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Күн сайын рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына бейім орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізіледі, белгіленбеген орындарда қоқыстарды түсіруді және ағынды суларды төгуді жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Акция басталғаннан бері жүк көлігінің 50-ден астам жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Сонымен, ассенизаторлық көлік жүргізушісі ағынды кәріз жүйесіне қоқысты рұқсатсыз ағызуға рұқсат берген. Оған қатысты әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.

Егер сіз белгіленбеген жерлерде қалдықтарды төгу, құрылыс немесе басқа да қоқыстарды жинау фактісінің куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу "102" арнасына хабарлаңыз.

Барлық жаңалықтар