00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Түркістан облысында құны 398 млн теңгеге жуық мүлік мемлекетке қайтарылды

31.10.2023 | 07:30
99
фото: ашық дереккөз

Прокуратура келтірген наразылықтан кейін ауыз су және кәріз жүйелері кешені заңсыз берілгендігі анықталып, әкімдік пен ЖШС арасындағы келісім-шарттың күші жойылды, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы Түркістан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

 Облыстағы Түлкібас аудандық прокуратурасы «Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңының талаптарының сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде  аудандағы Састөбе кентінде орналасқан жалпы құны 397,3 млн. теңге болатын мемлекет теңгеріміндегі «Састөбе кентіндегі ауыз су және кәріз жүйелері» мүліктік кешенін жеке  ЖШС-не алдын ала тұрғындардың келісімінсіз заңсыз берілгендігін анықтап, наразылық келтірген.

Келтірілген наразылықты қарау нәтижесімен Састөбе кенті әкімдігі мен «Састөбе су» ЖШС-гі арасында  22.11.2021ж. №1 «Састөбе кентіндегі ауыз су және кәріз жүйелері» мүліктік кешенін беру туралы келісім-шартының күші жойылып, жалпы құны 397,3 млн. болатын ауыз су және кәріз жүйелері мемлекет теңгеріміне қайтарылды, - деп жазды дереккөз. 

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда. 

Барлық жаңалықтар