00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

12.08.2023 | 08:30
90
Фото: ашық дереккөз

Талдықорғанда белгілі журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша мәлім етті.

Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын, - деп жазды ол. 

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. 

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Барлық жаңалықтар