00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Кентаудағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті (ВИДЕО)

12.05.2023 | 22:30
93
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Кентау қаласындағы саябақта атты адам кішкентай қызды таптап өтті, деп хабарлайды Elorda.info Отырар.кз-ке сілтеме жасап. 

Дерекке сүйенсек, оқиға 9 мамыр күні кешқұрым тіркелген. Қаладағы саябақтардың бірінде атты адамның кішкентай қызды таптап кеткені бейнебақылау камералараның біріне түсіп қалған. Бейнежазбада атты кісінің бір топ адам арасын бұзып өткенін байқауға болады. 

Кейіннен жылқы иесі тізгінге ие бола алмай қалғанын айтып, түсіндірген. Қалалық полицияда бұл жағдай бойынша іс қозғалмапты. Себебі кішкентай қыздың әкесі арыз жазудан бас тартқан. Қыз бала дін аман. 

Дегенмен әкімдік бейнебақылау камерасына түсіп қалған жағдайды барынша тексеретінін хабарлады. Әзірге тергеу нәтижесі шықпайынша жылқы иесіне қандай шара қолданылатыны белгісіз.

Барлық жаңалықтар