00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды

29.03.2024 | 12:08
Елорда ақпарат
121
Су тасқыны басталғалы бес мыңға жуық адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 4 694 адам, оның ішінде 1 682 бала құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 447 адам, оның ішінде 180 бала эвакуацияланды.

ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 2,3 млн м3 астам еріген су сорылды. 162 мыңнан астам қапшық және 31 587 тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 6 349 адам, 2 192 техника, 689 су айдау құралы және 55 жүзу құралы, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдардың 12 әуе кемесі жұмылдырылды. 

«Жедел желі» телефондарына 392 қоңырау келіп түсті, еліміздің 12 өңірінде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.

7 өңірде 435 жеке тұрғын үй мен 329 аула аумағы, сондай-ақ Ақтөбе облысында 75 саяжай үйі мен 9 ғимарат, көпқабатты тұрғын үйлердің 12 ауласы, Ақмола облысында балабақша мен ТЖ ауруханасы су астында қалып отыр.

Бақылауда 18 автожолды су шайды. Оның ішінде 4 көпір және 14 жол төсемі бар. 26 елді мекенде көлік қатынасы жоқ.

Барлық жаңалықтар