00:00
Астана -10oC
USD:
441.8
EUR:
480.02
RUB:
4.88
Іздеу

Неше спортшымыз өмір бойы жалақы алады?

11.07.2023 | 12:30
60
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитеттен

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Олимпиада жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына берілетін өмір бойғы төлем мөлшері 345 000 теңгеге дейін артты, деп хабарлады elorda.info

16 шілдеден бастап, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиадалық ойындардың 1,2,3-орын жүлдегерлері, бапкері және 20 жылдық еңбек өтілі бар олимпиадалық ойын түріне кіретін Әлем чемпиондарына төленетін жалақы мөлшері өсетін болды.

Аталған төлемақы көлемі бұған дейін: 70 мың теңге (20 АЕК) болса, 
енді  345 мың теңге (100 АЕК) болып бекітілді.

Дәл қазіргі сәтте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, өмірлік жалақы 163 спортшыға төленеді.

Спортшылардың Олимпиадада алған жүлде саны: 79 медаль

Қазақстан үшін №1 спорт түрі — бокс екендігі түсінікті. Аталмыш сайыстағы чемпиондарымызды бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін білетіні сөзсіз. 1996 жылғы Атланта Олимпиадасынан бері жерлестеріміз 24 жүлде иеленген.

Күрес түрлерінен алған жүлде саны бойынша 2-орынды иеленеді. Дегенмен, спортшыларымызға 17 медаль бұйырса да, 1996 жылғы Юрий Мельниченконың алтынынан басқа жоғары сапалы жүлде әзірге жоқ.

Ауыр атлетиканың «қара тізіміне» кіретін Қазақстан құрамасынан 8 жүлдесін есептемей қойған. Сонда да бұл спорт түрі елімізде медаль саны (11 медаль) бойынша ТОП-3 қатарында тұр.

Паралимпиадада алған жүлде саны – 10 медаль

2016 жылы Паралимпиадада 1,2,3-орын алғандардың сыйақысы Олимпиада жүлдегерлерімен теңестірілді. Содан бері пара дзюдо, пара жүзу, пара пауэрлифтинг спорттары қарқынды дамып жатыр.

Сурдлимпиадада алған жүлде саны – 42 медаль

Құлағы естімейтін спортшылардың жарыстарын теледидардан көрсете бермейді. Бірақ Сурдлимпиаданың өткізу уақыты Олимпиадамен қатар келмейтіндігін де ескерген жөн.

Олимпиадаға кіретін спорт түрлері:

2 жылда бір рет өтетін бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын саны бойынша 18 алтынмен елімізде бірінші, әлемде ТОП-3 тізімге кіреді. Бір қызығы, әлем чемпионатында топ жарған 2 боксшы ғана (Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов) Олимпиада жеңімпазы атана алды.

Ауыр атлетикадан Олимпиада жүлдесінен қағылса да, кей спортшыларымыз әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Мысалы, Илья Ильиннің 4 дүркін әлем чемпионы деген атағы бар. Жалпы, ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 13 алтын бұйырған. 

 

Барлық жаңалықтар