00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Сиязбек Далиев әлемдік біріншіліктің екі дүркін қола жүлдегері атанды

20.05.2024 | 14:57
212
Сиязбек Далиев әлемдік біріншіліктің екі дүркін қола жүлдегері атанды
Фото: дереккөз

Сингапурда паражүзу бойынша әлемдік серия өтті. Жарысқа 21 елден 120-дан астам спортшы қатысты. Елордалық паражүзуші Сиязбек Далиев біріншіліктің екі дүркін қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық құрама сапында Кенжебек Диас, Нұрдәулет Жұмағали, Сиязбек Далиев және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

Елордалық параспортшы Сиязбек Далиев жарыстың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша 50 м екі қолды ілгері қарай бірден сермеп кеудемен малту және 50 м арқамен жүзуден қола медальді жеңіп алды. Дүниежүзілік серия – Паралимпиадаға дейінгі норматив бойынша ең аз ұпай беретін жіктеу сайысы. Алда әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстар күтіп тұр. Ұлттық құрама лицензия алу үшін көп жұмыс істейді. Жақсы нәтижелерге үміттенеміз, - деді Паражүзу бойынша ұлттық құраманың бас бапкері Айдар Қартпаев.

Барлық жаңалықтар