«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы басталды
![](/img/watch-gray.png)
![«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы басталды](/img/articles/a20ed0bc0238fd5b7c21ee52c2b37db6.png)
Павлодарда көрнекті геолог-ғалым Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы дала жорығы» кең ауқымды республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Марафонның ашылу салтанатына AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысты.
AMANAT-тың Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек партия ұлттық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ мәдени және тарихи мұраны насихаттауға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайтынын атап өтті.
Ұлттық спортты дамыту мәселесі әркез Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында. Ұлттық құрылтайда Президент Қазақстан Ұлы дала көшпелі өркениетінің тікелей мұрагері саналатынын және біз өзіміздің мәдени мұрамызды қорғап, ілгерілетуіміз керек екенін атап өтті. «Ұлы дала жорығы» бәйгесі AMANAT партиясының қолдауымен үшінші жыл қатарынан өткелі отыр. Марафон-бәйге қазақстандықтарды біріктіретін, ұлттық рухты нығайтатын жобаға айналды. «Ұлы дала жорығы» біздің ұлттық бірегейлігімізді сақтап, ілгерілетеді деп сеніммен айтуға болады, – деді Дәулет Кәрібек.
Биыл 500 шақырымдық марафон-бәйге Павлодар – Астана бағыты бойынша өтеді. Оған Қазақстанның әр өңірінен 19 команда қатысып жатыр.
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесін үшінші рет өткізіп отырмыз. Бұл – азаматтар мен арғымақтардың төзімі мен ерік-жігері сынға түсетін дода. Барлық спортшыларымыз осы күрделі сынақтан сүрінбей өтіп, жорытқанда жолдары болсын! - деді марафонға қатысушыларға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.
Командалар бес күн бойы күніне 100 шақырым жол жүріп өтуі тиіс. Әр 50 шақырым сайын командалар мен олардың аттарына демалуға мүмкіндік беріледі. Жылқылардың жағдайын тәжірибелі ветеринарлар бақылайды. Айта кету керек, әр команданың жолға шығу уақыты әртүрлі. Бірінші команда сағат 07.00-де, келесілер екі минут аралықпен жолға шығады. Нәтижесінде соңғы команданың сапары 07.36-да басталады. Командалардың қандай нөмірмен жарысатыны жеребе тарту барысында анықталды.
Командалар бір-бірімен жарыспайды, өйткені әрқайсының қозғалыс уақыты әртүрлі. Барлық қашықтықты ең қысқа уақытта еңсерген команда жеңімпаз атанады.
Еске сала кетейік, «JORYQ» республикалық федерациясы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге бәйге, көкпар, аударыспақ, асық ату, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.
![](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![](/img/articles/7c257111c73f2282c906244848b62663.jpeg)
![Париж Олимпиадасында 11 жасар спортшы бақ сынайды](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше форматта өтеді](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде шабандоздар 500 шақырымға жарысады](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Арқан тартыстағы спортшыларымыздың дайындығы қалай](/img/articles/7c257111c73f2282c906244848b62663.jpeg)
![Олимпиадаға велосипедпен шыққан Рәббім Борашев Парижге жетті](/img/articles/97c7c5dd99ce526d6a5c88e84f57907c.jpg)
![Елордада велоспорттан жасөспірімдер арасындағы үздіктер анықталады](/img/articles/2324041ac5a87814f059989128bc6906.jpg)
![Спортшы Әмір Маймұратов: Менің ең басты қарсыласым – өзім](/img/articles/75a494f2c68561a354e4dc91be496e50.jpg)
![Париж Олимпиадасы: Теннистен қосымша бір жолдама бұйырды](/img/articles/b2f15a5fc53ddb1ae1d217213926e910.jpg)
![Ольга Сафронова әлеуметтік желіде 3 Олимпиадада киген формаларын көрсетті](/img/articles/5e234b3a45361719492875498bd480f4.jpg)
![Париж-2024: Қазақстандық спортшылардың алғашқы жарыс күніндегі кестесі белгілі болды](/img/articles/249eb229449a740d66ddab35a3bd2032.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)