00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Боксшылар Таиландтағы іріктеу турниріне аттанды

21.05.2024 | 10:45
232
Боксшылар Таиландтағы іріктеу турниріне аттанды
Фото: дереккөз

Бокстан Олимпиада жолдамасына таласатын соңғы құрам Таиландтағы іріктеу турниріне ұшып кетті, деп хабарлады Elorda.info

24 мамыр мен 2 маусым аралығында Бангкокте (Таиланд) бокстан екінші лицензиялық турнир өтеді. 

Бұл – Париж Олимпиадасына жолдама беретін соңғы жарыс. Аталған сында ерлер құрамасынан 1, әйелдер құрамасынан 4 боксшы жолдамаға таласады. 

Ерлер арасында 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады. 

Әйелдер арасында Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) Олимпиада іріктеуінен өтуге тырысады. 

Айта кетелік, бокстан Олимпиада жолдамалары Ханчжоудағы Азия ойындарында және Италиядағы іріктеу сынында үлестірілген болатын.

Барлық жаңалықтар