Baby Cup: Көркем гимнастикадан Әлия Юсупованың жүлдесі сарапқа салынуда
![Baby Cup: Көркем гимнастикадан Әлия Юсупованың жүлдесі сарапқа салынуда](/img/articles/f6bee0adc65502d9c6febed1e4bad381.jpg)
Елордада көркем гимнастикадан танымал спортшы Әлия Юсупованың жүлдесін сарапқа салған жарыс басталды, деп хабарлады Elorda.info.
3 мәрте өткізіліп жатқан бәсекенің басты ерекшелігі мұнда тек бастауыш сынып оқушылары сынға түседі.
Биылғы додаға Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Семей, Орал, Ақтау, Петропавл қаласынан 402 жас көркем гимнасшы қатысып жатыр.
«Олимпиадаға қатысу арманын орындаудың алғашқы қадамы дәл осындай турнирден басталады. Себебі, 3-4 жастан бастап, халықтың алдында өнер көрсетіп, тәжірибе жинау қажет. Осының арқасында спортшылар қателікпен жұмыс істеп, эмоцияларын басқаруды үйренеді. Елімізде танымал спорттың біріне айналған көркем гимнастикаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Былтыр 350-ге қатысушы жиналса, биыл 400-ден асып отыр.
Әлемде көркем гимнастика Франция, Германия, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея секілді мемлекеттерде қарқынды дамығаны сонша, кіші жарыстардың өзіне халық көп жиналады. Біз де ақырындап осы деңгейге өсіп жатырмыз» — деп көркем гимнастикадан ҚР Еңбек сіңірген спортшысы Әлия Юсупова өз ойын білдірді.
Додада 2015 жылдан кейін туған спортшылар бақ сынап жатыр.
Ашылу салтанатына көркем гимнастикадан жақында ғана Ташкентте өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, Париж Олимпиадасының жолдама иегері Эльжана Таниева да өз өнерін паш етті.
«Азия чемпионатынан кейін, Астана қаласындағы Қазақстан біріншілігіне қатыстым. Арасы қысқа ғана уақыт болғанымен, спортшы барлығына дайын болуы тиіс. Жарыстан кейін жас спортшылардың алдында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Олар да үлкен спортта биік белестерге жетеді деп сенемін» — деді Эльжана Таниева.
Жарыс 23 мамыр күні мәресіне жетеді.
![](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![](/img/articles/7c257111c73f2282c906244848b62663.jpeg)
![Париж Олимпиадасында 11 жасар спортшы бақ сынайды](/img/articles/62d74d239deccbc41496a82a031b9a3e.jpeg)
![Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты ерекше форматта өтеді](/img/articles/2a8658cce11266c31d62104d3bce2e73.png)
![«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде шабандоздар 500 шақырымға жарысады](/img/articles/adb762cd12a48afa6ebcd8a60668694f.jpg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Арқан тартыстағы спортшыларымыздың дайындығы қалай](/img/articles/7c257111c73f2282c906244848b62663.jpeg)
![Олимпиадаға велосипедпен шыққан Рәббім Борашев Парижге жетті](/img/articles/97c7c5dd99ce526d6a5c88e84f57907c.jpg)
![Елордада велоспорттан жасөспірімдер арасындағы үздіктер анықталады](/img/articles/2324041ac5a87814f059989128bc6906.jpg)
![Спортшы Әмір Маймұратов: Менің ең басты қарсыласым – өзім](/img/articles/75a494f2c68561a354e4dc91be496e50.jpg)
![Париж Олимпиадасы: Теннистен қосымша бір жолдама бұйырды](/img/articles/b2f15a5fc53ddb1ae1d217213926e910.jpg)
![Ольга Сафронова әлеуметтік желіде 3 Олимпиадада киген формаларын көрсетті](/img/articles/5e234b3a45361719492875498bd480f4.jpg)
![Париж-2024: Қазақстандық спортшылардың алғашқы жарыс күніндегі кестесі белгілі болды](/img/articles/249eb229449a740d66ddab35a3bd2032.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)