00:00
Астана -10oC
USD:
441.8
EUR:
480.02
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан құрамасы шағын футболдан әлем чемпионы атанды

12.06.2023 | 23:10
49
Фото: ҚФФ

Шағын футболдан Германияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Жерлестеріміз топтық кезеңде Ливияны 3:1 есебімен жеңіп, Египетпен тең ойнап (1:1), Украинадан жеңілген еді (2:6).

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үшінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. 

1/16 финал: Молдова 3:1,

1/8 финал: Кипр 2:1,

1/4 финал: АҚШ 1:1 (2:1),

1/2 финал: Мексика 2:2 (5:4),

Финал: Украина 2:2 (2:1).

Socca – шағын футболдың түрі. Футболшылар 6х6 форматында ойнайды. Тең түскен жағдайда, буллит сериясында жеңімпаз анықталады.

Айта кетейік, өткен жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалға дейін жетіп, Бразилиядан 0:3 есебімен жеңілген еді.

Барлық жаңалықтар