00:00
Астана -10oC
USD:
441.8
EUR:
480.02
RUB:
4.88
Іздеу

Бокстан Кенжехан Бекзатовқа арналған халықаралық турнир аяқталды

24.02.2023 | 16:20
Елорда ақпарат
49

Турнир бес күн бойы жан алып-жан беріскен жағдайда өтті.

Кенжехан Алтайұлының студенттік шақтағы достары мен өзімен үзеңгі қағысып кезінде КСРО боксында айтарлықтай із қалдырған боксшылар жарыстың өтуін тамашалады.

Жарыстың І, ІІ, ІІІ орын иегерлерінің медальдары мен кубоктары және дипломдарының әрбір детальдарына дейін зор көңіл аударылып, ерекшеленді. Келген қонақтар мен мамандар сондай ой түйіп, оны жүрекжарды лебіздерінде байқатты.

“Ең үздік боксшы” мәртебесін тараздық болашағынан зор үміт күттіретін Әмір Бақыт атты қазақ боксының жарық жұлдызы болар саңлақ иемденсе, “Ең үздік жаттықтырушы” деген мәртебелі атақты Әмірдің жеке бапкері Ермек Серкебаев иемденді, ал командалық есепте алдына жан салмаған Алматы құрама командасы І орынды иеленіп, арнайы кубокқа ие болды. Өзбекстаннан келген қонақтар екі алтын медальды Әндіжан және Бұхара шаһарларына алып кетті.

Жарысты қорытындылап сөйлеген КСРО спорт шебері Қайрат Кантеев: “Қарағандыда жыл сайын дәстүрлі өтетін Жарылғапов атындағы турнир де осылай басталған, бұл бокс бәсекесі де солай жалғасын табады деп сенеміз” деген пікірін айтып кетті.

Жалпы қатысушылар саны 420 былғары қолғап шеберлері өз бақтарын “А”, “В”, “С” үш топқа бөлініп сынап, жеңімпаздарды анықтады.

Барлық жаңалықтар