00:00
Астана -10oC
USD:
441.8
EUR:
480.02
RUB:
4.88
Іздеу

Қанат Ислам шаршы алаңға қайта оралатынын мәлімдеді

24.02.2023 | 15:33
Елорда ақпарат
52

«Құрметті менің жанкүйерлерім! Біз жекпе-жек жаттығуларына қызу дайындықтамыз. Иншалла, жақында жақсы жаңалықтармен бөлісеміз. Сіздерге Түрік елінен жалынды сәлем!» деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Еске сала кетсек, Қанат Ислам (28-0, 22 КО) биыл 20 ақпанда АҚШ-тың Флорида штатының Майами қаласында өткен айқаста эквадорлық Джейсон Миндуды (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Сол кезде қазақстандық боксшының промоутері Нельсон Лопес The Ring-ке берген сұхбатында Қанат Исламның келесі екі жекпе-жегі осы жылдың маусым мен қыркүйек айларына жоспарланғанын айтқан еді. Ал наурыз айында кәсіпқой бокс әлемінің инсайдтары мен жаңалықтарын жариялап жүрген Boxing Media UK твиттер-аккаунтында WBC нұсқасы бойынша дивизиондағы әлем чемпионы, америкалық боксшы Джермалл Чарлоның (31-0, 22 КО) әлеуетті қарсыласы ретінде Қанат Исламның да қарастырылып жатқаны жазылды.

Барлық жаңалықтар