00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Сурдо-футзалдан Қазақстан құрамасы күміс жүлде алды

10.06.2024 | 18:13
Қанат Байұзақов
93
Сурдо-футзалдан Қазақстан құрамасы  күміс жүлде алды
фото: Elorda.info.

Бүгін Астанада 21 жасқа дейінгі есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында сурдо-футзалдан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда төрінде 1 маусымнан бері жалғасқан сурдо-футзалдан ерлер арасындағы 21 жасқа дейінгі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші мәрте күміс жүлдеге иелік етті.

Жерлестеріміз финалда 2022 жылғы Әлем чемпионы Иранмен кездесіп, тартысты овертаймда 7:4 есебімен  есе жіберді.

«Өз жерімізде өткен әлем чемпионатының ұйымдастыру деңгейі өте жоғары болды. Екінші рет қана өтіп жатса да, біршама жаңа командалар қатысты. Тек Иранмен ғана емес, Украина, Бразилия, Украинамен де санасу қажет. Әсіресе топтық кезеңде Оманға қарсы матч өте қиын болды. Финалда Ираннан жеңілгенімізбен, таблодағы есеп ойынға сәйкес келмейді. Қос команда да алма-кезек қауіпті шабуылдармен, голдармен алмасты. Тек соңғы минуттарда қонақтардың бағы жанды» — деді сурдо- футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Фоленвейдер.

Қос ел 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында да кездесіп, Иран 1:0 есебімен басым түскен болатын.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік деп танылған спортшылар:

Ең жас ойыншы — Андрей Тешвер (Украина)

Fair play (таза ойын) — Таиланд

Ең үздік қақпашы — Ислам Курбанов (Қазақстан)

Ең үздік сұрмерген — Артур Амуров (Өзбекстан)

Ең үздік ойыншы — Насири Әли Риза (Иран)

Чемпионат нәтижесі бойынша бірінші орынды — Иран, екінші орынды — Қазақстан, ал үшінші орынды — Бразилия құрамасы иеленді.

Енді келесі әлем чемпионаты 2026 жылы Бразилияда өтеді.

Барлық жаңалықтар