00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Поиск

Президент Шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Президент Шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады
фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.

Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін, – делінген жеделхатта.

 

Все новости