00:00
Астана -10oC
USD:
463.77
EUR:
495.49
RUB:
5.31
Іздеу

Қазақстандық кикбоксшылар әлем кубогінен жеңіспен оралды

18.06.2024 | 15:26
Сабина Кәкімжан
99
Қазақстандық кикбоксшылар әлем кубогінен жеңіспен оралды
Фото: дереккөз

Астана халықаралық әуежайында кикбоксингтен әлем кубогінде жалпы есепте бірінші орын алған Қазақстан құрамасын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жеңімпаздарды туыстары, достары, түрлі жекпе-жек клубтарының өкілдері, сондай-ақ Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері күтіп алды.

«Біз алғаш рет әлем кубогінде жалпы есепте бірінші орын алдық. Қазақстанның әлемдік кикбоксингте алар орны ерекше. Әлем чемпионатында екінші сатыдан көрінсек, қазір бұл додада көш бастадық. Кикбоксинг еліміздің жиырма облысында жақсы дамып келеді. Бұндай жарыстар халықаралық аренада жақсы нәтиже береді», - деді өз сөзінде ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Нұрболат Рысмағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Будапештте өткен әлем кубогінде отандастарымыз үш бағдарлама (фулл-контакт, лоу-кик және К1) бойынша 12 алтын, 10 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Жарысқа 50 елден барлығы 725 спортшы қатысты.

Барлық жаңалықтар