00:00
Астана -10oC
USD:
463.77
EUR:
495.49
RUB:
5.31
Іздеу

Бейбіт Жұқаев челленджер турнирінің негізгі жарысына жолдама алды

18.06.2024 | 11:28
Сабина Кәкімжан
103
Бейбіт Жұқаев челленджер турнирінің негізгі жарысына жолдама алды
Фото: дереккөз

Теннисші Бейбіт Жұқаев Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші алдымен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фарияны қапы қалдырды – 6:3, 6:7 (5:7), 6:1.

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лорені айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1.

Осылайша, Бейбіт жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.

Барлық жаңалықтар