00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Іздеу

Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды

Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды
фото: Olympic.kz

Шымкентте семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Шпагамен семсерлесуден ерлер арасында Александр Федотов топ жарды. Қыздар арасында алматылық Мария Лесовская алтын медаль иеленді.

Ерлер арасындағы командалық сында Шығыс Қазақстан облысы көш бастады. Әйелдер арасында командалық жарыс Алматы командасының жеңісімен аяқталды.

Айта кетелік, бұған дейін кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі мәресіне жеткен болатын.

Барлық жаңалықтар