00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Іздеу

Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды

02.07.2024 | 13:25
Олжас Сүлейменов
185
Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды
Фото: дереккөз

Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында жеңіл атлетикадан ел қоржынына 3 қола медаль түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Кезекті жарыс күні астаналық спортшы Виктория Мельникова 1 500 метрге жүгіруде мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші – 4 минут 59,26 секунд.

Осылайша, айтулы бәсекеде жеңіл атлетикадан Астана қаласының бір спортшысы өнер көрсетіп, қола медаль иегері атанды.

Айта кетейік, VIII жазғы «Азия балалары» ойындары 7 шілдеге дейін жалғасады.

Барлық жаңалықтар