00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

28.06.2024 | 17:47
Сабина Кәкімжан
180
«Фабрика футболы Cup»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Астанада «Фабрика футбола CUP» балалар мен жасөспірімдер арасында өткен футболдан республикалық турнирдің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда Жамбыл облысының командасы 3-орын, «Скаут» командасы 2-орын, «Астана» командасы 1-орынды иеленді.

Сондай-ақ қатысушыларға «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік жартылай қорғаушы» секілді номинациялар табыс етілді.

«Құрметті ойыншылар мен олардың ата-аналары! Бүгін №81 Astana English School гимназиясының аумағында біз «Фабрика футболы Cup» республикалық турнирін аяқтаймыз. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға, сондай-ақ жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Баршаңызға сәттілік пен жаңа жеңістер тілеймін», - деді «Фабрика футбола CUP» жетекшісі Дәурен Иманқұлов.

№81 Astana English School мамандандырылған гимназиясының аумағында өткен салтанатты рәсімге жасөспірімдер және олардың ата-аналары қатысты.

25-28 маусым аралығында мұнда Қазақстанның түрлі қалаларынан: Қостанай, Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Арқалық, Тараз, Ақсу және Ақмола облыстарынан 2012, 2013, 2014, 2015 және 2016 жылы туғандар арасындағы 62 команда бақ сынасты.

Барлық жаңалықтар