00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
518.99
RUB:
5.4
Іздеу

Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды

04.07.2024 | 13:16
Олжас Сүлейменов
203
Қазақстандық гимнасшы халықаралық турнирде топ жарды
Фото: дереккөз

Францияның Труа қаласында алты мемлекет спортшыларының қатысуымен спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info

Олимпиада қарсаңында өткен турнирге Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Қазақстан командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Милад Карими жеңімпаз атанды. Ол көпсайыста 83.750 ұпай жинаған. Карими ең көп ұпайды еркін жаттығудан алды  15.000. 

Екінші орынды Ұлыбритания өкілі Джо Фрейзер иеленсе, үздік үштікті италиялық Марио Мачиати түйіндеді. 

Бұл сында Миладтан бөлек Ілияс Азизов пен Нариман Құрбанов та қатысты. Нариман тұтқалы ат снарядында 15.350 ұпай алды. 

Барлық жаңалықтар