00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
518.99
RUB:
5.4
Іздеу

Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр

29.06.2024 | 13:11
Қанат Байұзақов
476
Футболдан ұлттық қауіпсіздік қызметінің кубогы өтіп жатыр
фото: Оңалхан Өнерхан

Ұлттық қауіпсіздік органдарының кәсіби мерекесіне орай футболдан турнир басталды, деп хабарлады Elorda.info.

1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған болатын. 

Осы мерекеге орай, ҰҚҚ Астана қаласы бойынша департаментінің кубогына арналған бірінші футбол аламанын өткізілуде. 

Астана қаласының қорғаныс және қауіпсіздік департаменттері арасында футбол бәсекесін өткізудеміз. Турнирге 8 команда қатысып жатыр. Барлық ойында Қазақстан футбол федерациясының білікті төрешілері қызмет атқарады. Сондықтан барлығы әділ өтіп, шын мықты анықталады деп ойлаймын, — деді ҰҚҚ-нің қызметкері. 

Жарыста ТЖД, ЭТД, Прокуратура, ҰҚҚ, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, қалалық сот, Полиция Департаменті сынды 8 команда бақ сынауда. 

Доп додасының алғашқы матчы Экономикалық тергеу департаменті мен Төтенше жағдай департаментінің арасында өтіп, тартысты кездесуде футболшылар 1:1 есебімен тең тарқасты.

Кез келген бәсекеде командалар тек қана жеңіске ұмытылады. Әрине, матч барысында түрлі эмоцияларға ерік бересің. Ешкім жеңілгісі келмейді. Сондықтан чемпион атану үшін бар күшімізді саламыз, — деп Төтенше жағдайлар департаменті командасының мүшесі Аңсар өз пікірін білдірді. 

Жарыс жеңімпаздары бүгін анықталады.

Барлық жаңалықтар