00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Париж Олимпиадасында 8 дзюдошымыз жүлдеге таласады

07.06.2024 | 15:18
Қанат Байұзақов
75
Париж Олимпиадасы
фото: www.sports.kz

Дзюдодан 2022 жылдың 24 маусымынан басталған әлемдік іріктеу кезеңі толыққанды аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін Алматы қаласында 60 келі салмақта Олимпиадаға ұпайы жетіп тұрған Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин өзара айналмалы жүйе бойынша күресіп, нәтижесінде тәжірибелі Елдос өз мықтылығын дәлелдеді.

Нәтижесінде 2 жыл бойы бозкілемде белдесіп, жоғары ұпай жинаған 8 жерлесіміз Париж төрінде жүлдесуге таласуға мүмкіндік алды.

Бұған дейін Рио және Токио Олимпиадасына 6 спортшымыз барған болатын.

Жалпы 14 салмақ бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 спортшы Олимпиадада өнер көрсетеді. Тек Франция мен Жапония ғана барлық салмақта бақ сынайды.

Франция — 14 салмақ

Жапония — 14 салмақ

Қазақстан — 8 салмақ

Ерлер

60 келі. Елдос Сметов

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев

73 келі. Данияр Шамшаев

81 келі. Абылайхан Жұбаназар

100 келі. Нұрлыхан Шархан

Әйелдер

48 келі. Әбиба Абужақынова

+78 келі. Камила Берліқаш

Аралас командалық сайыс

63 келі. Эсмигул Куюлова

Бұған дейін қай Олимпиадада жүлде алдық?

Токио Олимпиадасы — 1 қола

Рио Олимпиадасы — 1 күміс, 1 қола

Бейжің Олимпиадасы — 1 күміс

Дәл қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында 66 жолдама бар.

Барлық жаңалықтар