00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Миллионнан астам оқушы бір мезгілде ұлттық ойындар ойнайды

13.11.2023 | 08:00
72
Фото: gov.kz

17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің мәліметінше, челлендждің мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу. 

Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған, - дейді департамент директоры Меруерт Медетбекова. 

Айта кетейік, челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады.

Барлық жаңалықтар