00:00
Астана -10oC
USD:
441.41
EUR:
477.78
RUB:
4.84
Іздеу

Елордада «ABYROY» жауынгерлік өнер академиясы ашылды

01.05.2024 | 13:30
124
Елордада «ABYROY» жауынгерлік өнер академиясы ашылды
Фото: дереккөз

Еліміздегі танымал «ABYROY team» ұжымы жаңа спорт кешенін ашты, деп хабарлады Elorda.info.

1 мамырдан бастап, елорда төрінде Сарыарқа көшесі, 21 мекен-жайында орналасқан «Abyroy» спорт кешені өз жұмысын бастайды.

Секцияда Олимпиадалық спорт түрлерінен бокс, дзюдо, еркін күрес қамтылса, Олимпиадаға кірмейтін спорттардан MMA, грэпплинг, джиу-джитсу, қоян-қолтық ұрыс, каратэ (киоушинкай, асихара), кикбоксинг қамтылады.

Бұл залдың ерекшелігі — бір мезетте 100 бала спортпен айналыса алады. Жаттығу залының шетінде арнайы жүру жолағы да қамтылған. Бұл әр қатысушы үшін ауа-райы қандай болса да, кешенде емін-еркін шұғылдануына мүмкіндік береді.

Спорт кешенінің жаттығу алаңы 800 шаршы метр, ал киім ауыстыратын т.б бөліктері 200 шаршы метрді құрайды.

Секциядағы спорт түрлеріне қабылдау әр түрлі жастан ( дзюдо, каратэге 6 жастан, боксқа 9 жастан, қоян-қолтық ұрыстарға 15 жастан) басталады. Баға тұрғысынан әр тұрғынның қалтасын көтеретін болады. Егер қатысушы өз әлеуетін көрсетсе, тегін айналысып, кәсіби түрде жетілуіне баса мән береміз.

Кәсіби тұрғыдан командамызда бокстан ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов, Балауса Мұздыман, MMA бойынша Данияр Қойшыбек т.б бар, — деп,«Abyroy team-ның» негізін қалаушы Антон Аманбаев толығырақ айтып берді.

Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты «Abyroy team» 2016 жылдан бері аралас жекпе-жек, футбол, триатлон бағытында қызметін атқарып келеді.

Спорт кешені бойынша толығырақ ақпаратты abyroy_team инстаграм парақшасы мен мекен-жайға барып біле аласыз.

Барлық жаңалықтар