00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Еламан Қойшыбаев самбодан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

12.11.2023 | 10:30
22
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Ұлттық ұланның әскери қызметкері самбодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұландық Еламан Қойшыбаев спорттық самбодан 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қырғызстаннан келген Жамалбек Асылбекуулумен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді.10-12 қараша аралығында Армения астанасы Ереванда Халықаралық самбо федерациясы күнтізбесінің басты турнирі - самбодан әлем чемпионаты өтеді, - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз хабарламасында.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта екі күміс және үш қола медальмен жалпы командалық есепте сегізінші орында тұр.

Еске салайық, бұған дейін Еламан Қойшыбаев спорттық самбодан әлем чемпионы атанған болатын.

 

Барлық жаңалықтар