00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Арайлым Әбенова әлем чемпионы атанды

12.11.2023 | 15:24
39
Сурет авторы: Нұрғали Жұмағазы

Самбодан Ереванда өтіп жатқан әлем чемпионатының шешуші күнінде аса ауыр салмақта әйелдер арасында бақ сынаған Арайлым Әбенова топ жарды,  деп хабарлады Elorda.info.

Отандасымыз финалда Ресей спортшысы Жанара Кусанованы 6:0 есебімен айқын жеңді. 

Осылайша ол қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет аса ауыр салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп отыр. 

Жерлесіміз әлемдік додадағы жарыс жолында 

1/4 финал кезеңінде Сидней Си (Филиппин) 

1/2 финал. Бланка Продан, (Румыния) 

Ақтық финалда Жанара Кусановамен (Ресей) белдесіп айласын асыра алды.

1992 жылдан бері қатысып келе жатқан жерлестеріміз үшін бұл әлем чемпионатындағы 27-ші алтын жүлде. 

3 күндік жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 5 қоламен жалпы есепте 3-орынға тұрақтады.

Барлық жаңалықтар