00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

WBA: қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орны қандай

31.03.2023 | 16:40
Елорда ақпарат
32

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық боксшылардың рейтигтегі орны мынадай:

Аса ауыр салмақта қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий тоғызыншы орында, ал Иван Дычко 15-орында тұр. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик. 

Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев төртінші, Серік Мұсәділов 12-орынға ие болды. Чемпион – франциялық Арсен Гуламирян.

Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы көш бастап тұр. Бек Нұрмағанбет 11-сатыға жайғасқан. Бұл салмақтағы супер чемпион – мексикалық Сауль Альварес.

Орта салмақтағы чемпион – Геннадий Головкин. Бұл салмақта Мейірім Нұрсұлтанов 14-орында тұр.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек оныншы орынға ие болды. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта алтыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпионы – өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев. 

Барлық жаңалықтар