00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Танымал коуч, психолог әнші Индира Расылханның сынына жауап берді

19.01.2024 | 05:00
46
Коллаж: Елтай Нұрғазин

Әлеуметтік желі арқылы танымал коуч, психолог Роза Әшірбаева өзіне айтылған сынға қарсы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Жақын күндері белгілі әнші Индира Расылхан психологтың жазбалары еліміздегі әйелдерге дұрыс емес ой салып, отбасының шайқалуына әрекет етіп  жатқандай көрінеді, деген сыңайда айыптаған жазба қалдырған болатын. Бұған жауап берген Роза Әшірбаева: 

Нәзік, жұмсақ Салтанат Нүкеновадан ата-анасы, бауыры айырылып қалды. Күйеуі оны бағалаған жоқ.Статистика бойынша, Қазақстанда жылына 400 әйел күйеуінің қолынан, соғысқа бармай, үйінде өледі. Күніне бір әйел сүйген жарының соққысынан жан тапсырады деген сөз.

Дәл қазір сіз әйел нәзіктігі туралы әңгіме айтып тұрғанда бір нәзік жан күйеуінен таяқ жеп жанталасып жатқан болуы мүмкін... Ал оған басқалар шыда, сен әйелсің, сен нәзік болу керексің деп ақыл айтады...Еркектер құтырған иттей әйелді жан-жақтан талап, оның жаны мен тәнін қинауды қалыпты жағдай көретін қоғамда әйелге нәзік болу қауіпті... Еркектер мені “ажырастырдың” деп кінәласа, олардың әйелдері маған жанымды құтқардың деп алғыс айтады.

Әйел расында қорған болып отырған еркектен кетпейді. Кетсе езгідей езіп, қол көтеретін еркектен кетеді.

Ажырасудың себебі мен емес, әйелін адам құрлы көрмеген еркекте. Еркектер ажырасудың аз болуын қаласа әйелге мейірімді болсын, әйелді сүйсін.

Мен ешкімге ажырас деп үгіттемеймін, мен әйелге өзіңді қорға деп ақыл айтамын.Қазіргі заманда әйелдің қорғаны мен қауіпсіздігі еркегі емес, оның білімі, ақшасы мен мықтылығы. Солай болуына өкінішке орай еркек кінәлі!

Бұл менің ойдан тапқан фантазтиям емес, еркектен қорлық көрген әйелдердің шындығы...

Маған ғана емес, әйелдер өз қиындығын барлық блогер, әнші, актриса әйелдерге жазады. Бірақ олар үнсіз, еркектің сөзін сөйлейді, нәзік бол, кінәні өзіңнен ізде дейді.

Мен ешкімге ұнауға міндетті емеспін, бірақ шырылдаған әйелдерге жаныңды сақта деп айту азаматтық миссиям!», - деп жазды Р. Әшірбаева Instagram парақшасында.

Дариға ҚҰРМАНӘЛІ

Барлық жаңалықтар