00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

«Ұят болды»: Роза Рымбаеваның концертіне 50 шақты ғана адам барған

15.03.2024 | 06:09
68
Фото: ашық дереккөз

Наурыз мейрамы мен Амал мерекесінің құрметіне Роза Рымбаева ашық аспан астында концерт берген. 

Алайда, басылымның жазуынша, сол күні 112 қызметі облыстың барлық тұрғындарына жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететін жел соғатыны туралы ескерту жолдаған.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Роза Рымбаева концертінен бас тартпай, аздаған көрермен алдында өнер көрсетті. 

Концертті өткізбейік дегенбіз, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді бас тартты. Ақтаулықтар қашаннан мықты адамдар, олар бұл қаланы ыстықта, қақаған аязда, қатты желде және сусыз даланың арасында тұрғызған. Сондықтан бұл концерт ақтаулықтарға құрмет, – дейді ұйымдастырушылар. 

Қатты желге қарамастан концертке 50-ге жуық қала тұрғыны жиналды. 

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары концерттен түсірілген кадрлармен бөлісті, олардан санаулы ғана адам жиналғанын байқалады. 

Адамдар қайда? – деп жазылған бейнероликке. 

Ақтаулықтар концерттің ауызашар кезінде болғанын атап өтті. Сондықтан да болар, кейбір қала тұрғындары концертке бара алмаған. Сонымен қатар Амал мерекесіне орай көптеген ақтаулық қонақ шақырып, отбасымен бас қосты, бәлкім сол үшін де концерттен қалыс қалды. 

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар қаласының әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың Наурыз мерекесіне орай қала тұрғындарының алдында өнер көрсеткені үшін қанша гонорар алатынын айтқан болатын. Қос жұлдыздың концертіне бюджеттен 10 миллион теңге бөлінген. 

Барлық жаңалықтар