00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

«Мен орамал тағатын әдемі қызбын»: Ұлттық киім киген Мөлдір Әуелбекова жұртты сүйсінтті

18.03.2024 | 10:58
57
Фото: www.instagram.com/moldir.auyelbekova

Instagram парақшасындағы оқырмандарын қызықтырған суретте эстрада жұлдызы қызғылт түсті көйлек киіп, күмістен жасалған ұлттық бұйымдарды тағып алған. 

Бүгін  «Ұлттық киім»  күні! Бөрікті жас қыздарымыз кисе, сәукелемен сұлу қалыңдық ұзатылған. Орамалды жас келін, аналар тақса, әдемі кимешекті апа - әжелеріміз ораған. Ал, сіз күнделікті өмірде бөрікпен жүрсіз бе, әлде орамал тағып, кимешек орайсыз ба? Мен орамал тағатын әдемі қызбын, сіз ше?, - деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары әншінің осы киім үлгісіне жоғары баға берді.  

«Өте жарасымды, маған ұнап тұр», «Жабық киінсе, осы кісіден үйрену керек. Жабық киініп-ақ, өз салт-дәстүрімізді дәріптеп жүр», «Көрсе көз тоярлық, ер азамат түгілі әйел қауымының көзіне де қандай сымбатты, ажарлы жансыз», «Мына образыңыз өзіңізге сондай жараса кетті», «Нағыз қазақтың сұлу келіншегі», - деген жазба қалдырды олар.  

Барлық жаңалықтар