00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі жайлы айтпауды сұрады

24.01.2024 | 05:00
130
Фото: instagram.com/bidash_official

Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев өзіне жар іздеп жүргенін жасырмай жариялап жүр. 

Жер сілкінісінен кейін маған қандай әйел керегін түсіндім. Жүрегінде иманы бар жар керек. Маған әрқашан Алланы еске түсіретін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянын айтып отыратын, үйден Құран үні үзілмейтін, истиғфар мен салауат айтып жарысатын, жәннатқа бірге кіретін жар іздеймін, – деп жазды әзілкеш. 

Осы жазбадан кейін Балжан Бидаш оқырмандарына ренішін жеткізді. 

Неге маған оның айтқандары мен жазғандарын жібере бересіздер. Бір-бірімізді бұғаттап тастағанбыз. Дәл осылай болғаны екеумізге де жақсы. Өтініш сіздерден, ол не салып жатыр, не істеп жатыр, не айтып жатыр маған жібермей-ақ қойыңыздар! Әр адамның иманы жүрегінде болсын. Бір оқырманым: «Сендерге жер сілкінісі де әсер етпеді ме?» деп жазыпты. Біздің өмірімізге оның қандай қатысы бар? – деп күлді әнші. 

full_17060680724da1652a13a974ccb1c6fd8579f280b5_webp.jpg

Барлық жаңалықтар