00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Сейфуллин Жолбарыс: Бірінші әйелім ата-анама ұнаған жоқ

05.12.2023 | 05:00
118
Фото: әлеуметтік желі

Әнші әрі композитор Сейфуллин Жолбарыс «Менің өмірім» бағдарламасында бірінші келіншегімен не себепті ажырасып кеткенін ашып айтты, деп хабарлады Elorda.info

Сейфуллин Жолбарыс бірінші некесінің сәтсіз аяқталуына екінші әйелінің еш қатысы жоқ екенін алға тартты. Әншінің сөзінше, ажырасудың себебі көп болған. 

15 жыл бірге тұрдық. Әрдайым өзімді әлі де кінәлімін деп есептеймін. Ерлі-зайыпты ажырасқанда әркез ер адамды кінәлайды ғой. Еркек те еркекті кінәлайды, әйел де еркекті кінәлайды. Сол себепті жүрегін жаралағаныма өзімді кінәлі сезінемін. Ортақ балаларымыз бар, араласып тұрамыз. Балалар есейіп қалғандықтан сәл алыстап қалдық. Бірінші жеңгелеріңмен ажырасудың себебі басқа. Жылдар бойы жіпке тізілген себеп, - деді ол. 

Сондай-ақ өнер иесі екінші келіншегі Екатерина туралы айтты. Әншінің екінші жары ата-анасына бірден ұнап қалған. 

Менен бұрын менің әкем ғашық болды. Катямен танысқан кезімде бірінші әке-шешеме көрсеттім. Өтірік айтпаймын, әкем Катяны көрген кезде бірден құлады. Әкем «сенің әйелің осы, саған пысық әйел керек» деді. Шынымды айтсам, бірінші әйелім ата-анама басынан ұнаған жоқ. ,Біз бөлек тұрдық. Мадина жеңгелерің олармен тұрғысы келмеді. Мүмкін ажырасқанымыздың бір себебі де осы шығар. Оған менің әке-шешемнің өкпесі бар шығар. Себебі мен кенжемін. Олармен менімен тұру керек. Сондай келіспеушіліктер жіпке тізіле береді. Ал Катя оларға бірден ұнады. Кейде «әкем өзі ғашық саған» деп әзілдеймін. Әкем екінші келініне батасын беріп, 92 жасқа келіп қайтты. Оның ұзақ өмір сүруінің себебі, мүмкін келінінің жақсы қарағанынан да шығар деп ойлаймын. Анам 94 жасқа келді, оған да келіні жақсы қарап отыр, – дейді композитор "Менің өмірім" бағдарламасында.

Барлық жаңалықтар