00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Сізге ескерттім»: Әнші Шахизада мен тележүргізуші Дина Төлепберген жанжалдасып қалды (ВИДЕО)

19.05.2023 | 19:30
155
Фото: КТК

Шахизада «Астарлы ақиқат» бағдарламасында ешқандай шындық жоқ екенін жеткізді, деп жазады Elorda.info

Әнші бұл пікірін дәл осы бағдарлама барысында айтқан.

Бұл бағдарлама да шоу. Мұнда ешқандай ақиқат жоқ. Кез келген бағдарламада шоу бар, – дейді Шахизада. 

Әншінің бұл сөзі бағдарлама жүргізушісі Дина Төлепбергеннің шамына тиіп кеткенге ұқсайды.

Мұнда тек ақиқат айтылып, боямасыз болмыс көрсетіледі. Сіз менің намысыма тимеңіз. 12 жыл бойы «Астарлы ақиқат» бұқпасыз, боямасыз болмысты көрсетеді. Мен сізбен келіскен жоқпын. Сұрақтарды сізге төтесінен қойып жатырмын. Халықтың қойған сұрағын сізге қоямын деп сізге ескерттім. Менің бағдарламамды ешқашан басқа шоулармен теңестірмеңіз. Ашуланған себебім, сіз өтірік айтып жатырсыз. Мен сіздің сыныңызды қабылдамаймын, сондықтан сыныңыз өзіңізде қалсын, – деп жауап берді тележүргізуші. 

Барлық жаңалықтар