00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Қиын қыстау, қилы заманда»: Айтыскер ақын әнді сынағандарға жауап берді

12.04.2024 | 11:04
111
«Қиын қыстау, қилы заманда»: Айтыскер ақын әнді сынағандарға жауап берді
Фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын Сырым Әуезханның «Біргеміз» атты әні қазіргі таңда су тасқыны жайлы видеоларға қойылып жүр. Ақын елде болған түрлі қиындық пен апаттық жағдайларға қойылатын бұл әнін сынағандарға «1001 түн» бағдарламасында жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Желі қолданушылары «Біргеміз» әнін осыдан кейін орындаудан алып тастауды әзіл ретінде ұсынған.

Бұл видеоларды көрдім. Еш ренішім жоқ. «Біргеміз» деген ән пандемия кезінде елге рух беру, біріктіру мақсатында шыққан болатын. Ешқандай жаман ниет жоқ. Соңғы уақытта сынақтар көбейіп, соның барлығына осы әнді қолдана бергесін, осындай әңгіме шықты деп ойлаймын. Бұл осы әннің жақсы шыққанының нәтижесі шығар. Патриоттық ән көп қой.

Бірақ видеоның табиғатын ашатын, елді біріктіруге шақыратын болғасын да шығар. Осы ән біреудің телефонынан шықса, «Тағы не боп қалды екен» деп шошитын болдым. «Әнді құрту керек» деп жатқандар бар. «Елді біріктіретін керемет ән» деп жатқандар да бар. Елге рух берудің сәті түскен сияқты. Осы әннен шаршасаңыздар елге жаңа ән шығарамыз деп уәде беріп жатырмыз. Бұйырса, Жандарбек Бұлғақов екеуміз орындап қалуымыз мүмкін. Елдің ұсынысын ескеріп, керемет ән шығарамыз. Әнді шығарғанда елге таралсын деген мақсат болмады. Карантин кезінде, 1-1,5 сағат ішінде жазылған ән, - деді Сырым Әуезхан.

Барлық жаңалықтар