00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қыдырәлі мен Қарақат дүбірлі тойға дайындалып жатқанын айтты

18.10.2023 | 10:00
128
Фото: Қ.Әбілдина/instagram

Жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина «Ұйқым келмейді» бағдарламасында отбасымен тойға дайындалып жатқанын айтып, көпшілікті қызықтырып қойды, деп хабарлады Elorda.info.

Әншілердің әлеуметтік желіден қызу дайындыққа кірісіп кеткенін байқаған жұртшылық тұңғыш ұлдары Бекболат келін әкелгелі жатыр деп топшылаған.

Бекболат бұйырса екі досына жігіт жолдас болды. «Ер кезегі үшке дейін. Енді үшіншісі өзіңнің тойың болсын» деп айтып жатырмын. Біз әрқашан қолдаймыз, дайынбыз, – деп көп сұраққа әулеттің отанасы нүкте қойды.

Сондай-ақ ол айдың аяғына жоспарланған тойдың себебін айтты.

Ең бірінші тойымыз «Ұлытау» тобының концерті болса, екінші тойымыз – Аяламыз биыл мектепке барды. Айзадамыз үш жасқа толды. Жалпы үйдегі гүлдерімізге, қыздарымызға ерекше ықылас болсын дедік. Оның үстіне мектеп табалдырығын аттағандықтан, ол да бір өміріндегі маңызды, елеулі жайт. Әкесі «Концертке дейін ештеңе қоймай-ақ қояйық. Абыроймен атқарып алған соң тілашарды көп ұзатпай келесі күні-ақ жасаймыз» деді. Әкесінің тілегін қабыл алдық. 24 қазан – концерт, 25 қазан – Аяламыздың тілашар тойы, – дейді Қарақат Әбілдина.

Барлық жаңалықтар